Абель Санчес Головкиннің биыл үш рет рингке шығуы мүмкін екендігін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA Super, WBC, IBF мен IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық былғары қолғап шебері биыл үш рет рингке шығады деп жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

5 мамырда GGG америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте WBA, WBC және IBO белбеулерін қорғайды. Кейін қазақстандық панчер күзде және жыл соңында айқас өткізуі мүмкін.

«Біз қыркүйекте жұдырықтасамыз деп үміттенемін, кейін желтоқсанда рингке шығамыз. Барынша көп әрі ұзақ бокстасқымыз келеді. Бүгінде Геннадий - спорттың осы түріндегі ең мықты боксшы. Оны бағалауымыз керек», - деді Санчес Yahoo! Sports-қа берген сұхбатында. 

Соңғы жаңалықтар