Әбдіжәміл Нұрпейісов Қазақстанның Еңбек Ері атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Қаламгерге осындай атақ беру жөніндегі Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Әбдіжәміл Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Соңғы жаңалықтар