+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Абайдың 175 жылдығы: Елордада республикалық айтыс жаңа форматта өтеді

2020 жылғы 7 ақпан 13:52
Бөлісіңіз:
Абайдың 175 жылдығы: Елордада республикалық айтыс жаңа форматта өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең елорданың Астана-концерт залында «Адамзаттың алыбы – Хакім Абай» атты республикалық айтыс ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Абайды адамзаттық гуманитарлық ғылымға үлес қосқан тұлға ретінде тану керек - сарапшы Семейдегі Абай театрында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде Семейдегі Абай музейі оқушыларға онлайн-саяхат ұйымдастырды

«Ертеңгі айтыс – Абай бабамыздың 175 жылдығына орай өтетін шаралардың бірі. Айтыс сағат 14.00-де басталады. 16 ақын қатысады. Айтыс Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, «Nur Otan» партиясының қолдауымен өткізіліп жатыр. Жалпы, министрлік пен партия өңірлерде осындай айтыстарды өткізуді жоспарлауда. Бұл- биылғы жылдың басты айтысы болады», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ал Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның айтуынша, айтыс алдында ақындардың рейтингі жасалған.

«Жалпы, кейінгі жылдары табиғи қалпынан шығарып алдық па деген қауіп бар. Сонау күні Оралда «Алтын домбыраның» алдындағы тимбилдингте 60-70 ақын бас қосып ақылдасып, айтыстардың шынайылығына қол жеткізу шарасын қолданайық деп шештік. Ертеңгі айтыс қалай өтеді екен деп, өзіміз де қобалжып отырмыз. Өйткені, айтыстың суырып салма қасиетіне бұрылайық деп отырмыз. Жасыратыны жоқ, ақындарды бұрын жұптап қоятынбыз. Дайындалып келетін де, қанша ақын байқатпаймын дегенімен, кішкене жаттандылық бар екенін сіздер де, біз де жақсы білдік. Соған жол бермеу үшін халықтың алдында бірінші рет жұптайық деп отырмыз. Яғни, кіммен кімнің айтысатынын ешкім білмейді», - деді ол.

Жүрсін Ерман жәшік қойып, соның ішіндегі шардың ішінде салынған 16 ақынның есімімен жұптар белгіленетінін жеткізді. Залдан кез келген көрермен шығып, шарды суырып, жұптарды белгілейді. Жалпы айтыстың жүлде қоры – 10 миллион 400 мың теңге.

«Жаттанды айтысқа жол бермейміз. Үш-төрт шумақпен қайымдасып, жауаптасып айтысады. Жеті төреші (қазылар алқасының төрағасы – Несіпбек Айтұлы) бұрынғыша ұпай арқылы дауыс бермейді. Әр қазының алдында екі батырма тұрады. Қай ақынға көбірек көк шам жанады, сол сөзсіз айтыстың келесі айналымына өтеді. Сондықтан, ақындардың шынайы қабілетін көрсетсек дейміз», - деді Жүрсін Ерман.

Айтыста Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров, Әсем Ережеқызы, Мейірбек Сұлтанхан қатарлы белгілі ақындар өзара бақ сынасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Әдебиет, #Аbai175,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT