Абай облысында найзағайдан шыққан өрт 280 гектарға жайылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысы Бесқарағай ауданында найзағайдан шыққан өрт 280 гектарға жайылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 маусымда сағат 18:45-те «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Долон филиалының аумағында өрт шықты.

Жалын шарпыған аумақ шамамен 280 гектарды құрады. Оның ішінде 150 гектар орман аймағы және 130 гектар ауылдық округ жерлері.

«От елді мекендерге, үйлерге жеткен жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрт найзағайдан шыққан. Тілсіз жау 22 маусымда таңғы сағат 4.30-да оқшауланды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртпен күреске ТЖД тарапынан 8 техника мен 37 қызметкер, орман шаруашылығынан 25 техника мен 60 адам жұмылдырылған.

Осыған дейін Абай облысындағы орманда өрт шыққанын хабарлаған едік.





Соңғы жаңалықтар