Абай-175: Семейлік домбырашы балалар республикалық байқауда топ жарды
Хакімнің 175 жылдығы аясында ұйымдастырылған сайыс Семей қалалық мәдениет үйінде өткен.
Байқауға тыңғылықты дайындықпен келген жергілікті физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары Ұлан Талғатов пен Дархан Оралханов «Аспапта ойнау» аталымында Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйін орындап, жеңіске жетті.
«Дәстүрлі байқау балалардың жас ерекшелігін ескере отырып 7 жанр бойынша өткізілді. Ұлан мен Дархан мектебіміздегі талантты шәкірттердің қатарынан. Бір атап өтерлігі – олардың екеуі де домбырада ойнауды білмейтін. Аз ғана уақыт ішінде бірнеше күй үйреніп, тіпті байқауларға қатысатын дәрежеге жетті. Осының барлығы - Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі желілік «100 күй» жобасының жемісі», - дейді домбыра үйірмесінің мұғалімі Мадияр Аширов.