+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Абай-175: Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтті

2020 жылғы 18 ақпан 02:13
Бөлісіңіз:
Абай-175: Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласында «Ұлы даланың ұлағаты» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Бұл шара қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бауыржан Байбек Отырардың зиялы қауымы өкілдерімен кездесті Абай-175: Мұхтар Ниязов республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алды Жүрсін Ерман айтыс ақындарының рейтингі қалай жасалатынын айтып берді

Республикалық айтыс Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Мәдени шара алдында қалалық жастар театрының әртістері Абай жайында арнайы қойылымды сахналады.

Айтыста Бекарыс Шойбеков, Дидар Қамиев, Рүстем Қайыртайұлы, Нұрмат Мансұров, Дидар Аббасов, Біржан Байтуов, Мұрадым Мейірланов, Ержеңіс Әбдиев, Ержан Әміров және Бексұлтан Орынбасаров сынды белгілі өнерпаздар сөз сайысына түсті. Дүбірлі доданы екі мәрте «Алтын домбыра» иегері, «Айтыстың ақтаңгері» атанған қызылордалық Мұхтар Ниязов жүргізді.


Сөз сайысына жырау, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов, ақын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы және ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дүйсенбек Аяшұлы қазылық жасады.

Айтыста үшінші орынға Түркістан облысынан Бекарыс Шойбеков ие болса, Арқаның ақтаңгер ақыны Дидар Қамиев екінші орын алды. Ал бірінші орын қызылордалық Ержеңіс Әбдиевке бұйырды. Республикалық айтыстың бас жүлдесіне семейлік Рүстем Қайыртайұлы лайық деп танылды.

Бұдан бұрын Қызылордада Абайдың 175 жылдығына орай қандай іс-шара өтетінін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT