АӘК тағайындау: Тараз әкімдігінің қызметкері пара алды деп айыпталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Тараз қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманын әшкереледі. Ол атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдескені үшін тұрғыннан 199 500 теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі тергеуді жедел өткізуге өтініші мен келу туралы жазбаша міндеттеме беруіне байланысты, оған қатысты процессуалдық қамау қолданылмады», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен.

Шенеуніктің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.

Соңғы жаңалықтар