+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

903,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

2021 жылғы 23 қазан 19:32
Бөлісіңіз:
903,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 189,1 мың отбасындағы 903,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 83 млрд теңге бөлінді.

Ұқсас жаңалықтар
2022-2024  жылдары әлеуметтік салаға 26,7 трлн теңге бөлінеді

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы 1 қазанда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 230,5 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT