+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

9 желтоқсан. Туған күн иелері

2019 жылғы 9 желтоқсан 08:08
Бөлісіңіз:
9 желтоқсан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 9 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

63 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Нұрғалиұлы ТАСМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін бітірген (1979), география және биология пәндерінің мұғалімі. 1981-1991 жылдар аралығында КОКП мүшесі. Қазақстан Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі (1990-1991). ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-шақырылымының депутаты (ЛКЖО). 1973-1974 жылдары - Гурьев облысы Махамбет ауылындағы балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жаттықтырушы. 1979 жылдан - Гурьев облысы Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәндерінің мұғалімі. 1979 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Махамбет аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, комсомол жұмысы кабинетінің меңгерушісі, Гурьев облыстық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі. 1983 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Гурьев қалалық комитетінің бірінші хатшысы. 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Гурьев қалалық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1986 жылдан - ЛКЖО Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1988 жылдан - Қазақстан ЛКЖО ОК жұмысшы жастар және әлеуметтік-экономикалық проблемалар бөлімдерінің меңгерушісі, хатшысы. 1989 жылдан - Қазақстан ЛКЖО ОК-нің бірінші хатшысы. 1991 жылдан - ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1993 жылдан - ҚР Президентінің көмекшісі. 1995 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 1997 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Білім және мәдениет министрі. 1997 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан - ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі. 1999 жылдан - Атырау облысының әкімі. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі. 2003 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі. 2008-2014 жылдары - Астана қаласының әкімі. 2014-2016 жылдары - ҚР Қорғаныс министрі. 2016-2017 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың ақпан айынан бері.

Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті. Ә.Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қордың Басқарма Төрағасы. «14 томдық Ә.Х. Марғұланның шығармалары» редколлегиясының мүшесі. Тәуелсіздіктің он жылдығын атап өту бойынша, сондай-ақ ЮНЕСКО көлемінде мерекеленген қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлері: 1995 жылы - Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл, 1996 жылы - Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл, 1997 жылы - Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл, 1997 жылы Қаныш Сәтбаевтың туғанына 100 жыл, 2002 жылы - Ғабит Мүсіреповтің туғанына 100 жыл және 2004 жылы - Әлкей Марғұланның туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойларды өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияларының төрағасы. Монғолияға, Батыс Қазақстанға және РФ-ның Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет және т.б. жерлерге Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялардың ұйымдастырушысы. Солардың бірінің нәтижесінде, 2000 жылы Монғолиядан Қазақстанға ежелгі Күлтегін тас хаты кайтарылды. «Парасат» ордені (1998), Қазақстан Республикасыньң бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ордені (2004), Орыс Православ Шіркеуінің «Мәскеулік Даниил қасиетті патшасының» ордені, Ресей Федерациясының «Достық» орденімен және II дәрежелі «Барыс» орденімен (2010) және көптеген медальдармен марапатталған.

57 жыл бұрын (1962) Амангелді Халауденұлы СМАИЛОВ дүниеге келді.

Ресейдің Омск облысында дүниеге келген. Сібір автомобиль-жол институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1988-1993 жж. - Омбы-Дәуiт карьер басқармасында шеберден бастап бас инженер лауазымына дейiнгi қызметтерді атқарған. 1993-2014 бірқатар ЖШС директоры болған. 2014-2017 жж. - Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысы. 2018 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың сәуірі аралығында – Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары. 2019 жылдың 3 сәуірінен – Көкшетау қаласының әкімі.

54 жыл бұрын (1965)ҚР Жоғарғы сотыныңсудьясы - Жаңылсын Баянқызы АРХАРОВА дүниеге келді.

Орал облысында туған. Д.И. Курский атындағы Саратов заң институтын құқықтанушы мамандығы бойынша тәмамдады. Сенаттың 1996 жылғы 9 қазандағы № 136 IСП қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып сайланды. Судья қызметіндегі еңбек өтілі 19 жылдан асады.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2008).

53 жыл бұрын (1966) «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ президенті Болат Қалиұлы ЕРЖАНОВ дүниеге келген.

Ол Павлодар облысында туған. Омбы азаматтық авиация ұшқыштар-техникалық училищесін; Санкт-Петербург қаласының Ленин орденді Азаматтық авиация академиясын бітірген.

Еңбек жолы: Қазақ азаматтық авиация басқармасының Павлодар біріккен авиаотряды тасымалдауды ұйымдастыру қызметі бастығының орынбасары; «Эйр Қазақстан» ЖАҚ «Ертіс Авиа» әуе компаниясының қызметкері (1997-2003); Алматы қаласының Халықаралық әуежайында басшылық лауазымдарды атқарды (2003-2010); «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі атқарушы директоры (2010-2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT