9 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,4 трлн теңгені құрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5 пайызға артып, 4,4 трлн теңгені құрады. Бұл өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7 пайызға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Облыстар бөлінісінде екі өңірде республикалық деңгейден жоғары қарқын байқалды. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі аталған кезеңде 2,7 пайызға артып, 1,9 трлн теңгені құрады. Бұл ретте тірі салмақта ет өндіру көлемі 3,8, сүт өндіру көлемі 3 пайызға астамға өсті. Есепті кезеңде тамақ өндіру көлемі 3,5 пайызға артып, 1,4 трлн теңгені құрады», - деді министр.

Сапархан Омаровтың айтуынша, өңделген күріш өндірісі 54,5, шұжық өнімдері 19,6, сары май 14,2, құс еті 11,4, жарма 10,9, макарон өнімдері 10,9, ұн 7,4, қышқыл сүт өнімдері 5,2, өсімдік майы 0,7 пайызға артқаны байқалды.

«Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 15,1 пайызға ұлғайып, 380 млрд теңгені, азық-түлік өндірісі саласына инвестициялар 17,2 пайызға артып, 64,7 млрд теңгені құрады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар