84 мыңнан астам қазақстандық несиесін кейінге шегеруді өтініп, банкке жүгінген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 84 мыңнан астам қазақстандық несие бойынша төлемін кейінге қалдыру үшін банктерге жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктер және микроқаржы ұйымдары төлемдерді тоқтата тұруға жеке тұлғалардан 45,5 млн теңгеге 84 345 өтінім қабылдады, оның ішінде 12 071 өтінім мақұлданды. Жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері бойынша екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары төлемдерді тоқтата тұруға 12,3 млн теңге сомаға 17 671 өтінім қабылдады, оның ішінде 3 244 өтінім мақұлданды»,– деді онлайн брифинг барысында ҚР Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдрахманов.

Оның сөзіне сенсек, бұл цифрлар жеке және заңды тұлғалардан өтінімдердің келіп түсуіне қарай әлі толықтырылады.


Соңғы жаңалықтар