8 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 8 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде «Тарихи таңдау. Тәуелсіздік дәуірі» көрмесінің ашылуы өтеді.

11.00-де «Нұрсәулет» бизнес орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік. Елорда. Байқоңыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

11.00-де әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында TEDx Talks форматында «Адам құқығы: әйелдер мен балалар» атты шара өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Qazaq Eli» атты зияткерлік ойын жобасының таныстырылымы өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Алматы қаласының дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

14.30-да АХҚО ғимаратында Al Meer Investment and Trading Араб инвестициялық компаниясы мен Астана халықаралық қаржы орталығы арасында келісімге қол қойылады.

15.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚР Конституциялық Кеңесімен бірлесіп, «Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

16.00-де «Абаттандыруға, электрмен жабдықтау объектілері мен инженерлік желілерді, көгалдандыруға және санитариялық тазартуға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану шаралары туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жария тыңдаулары өтеді.

Соңғы жаңалықтар