8 тамыз күні ауа райы құбылмалы болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 тамыз күні еліміздің басым бөлігінде оңтүстік циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр, батыста нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Найзағай жарқылдап, дауылды жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді.

Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында және Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар