8 өңірдің тұрғындарын газбен қамту үшін 58 жоба жүзеге асырылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің 8 өңірінде халықты газбен қамту үшін 58 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 5 жылда 1 334 шақырым магистральдық газ құбыры және 20 мың шақырымнан астам газ тарату желісі салынған. Магистральдық газ құбырлары құрылысының өсімі - 7, газ тарату желілері құрылысының өсімі - 49 пайызды құрады. 2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру жұмысына 125 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферттер, оның ішінде соңғы 2 жылда 76 млрд теңге бөлінді»,- деді министр.

Сондай-ақ ол газдандырудың кей жобалары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бюджеттік бағдарламасы есебінен іске асырылып жатқанын айтты.

«2020-2021 жылдары 8 өңірде 22,5 млрд теңгеге 58 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 51 жобаны осы жылы және 7 жобаны Алматы облысында 2021 жылы аяқтау көзделіп отыр», - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар