8 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 8 қарашада Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында «Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі қоғамдық дипломатия» тақырыбында тренинг өтеді.

Сағат 11.00-де «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев азаматтарды қабылдайды.

Сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз орталығында «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де «Қазмедиа» орталығында «Әлемдік медиа трендтер - жоғары сапалы журналистика» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 15.00-де «Sputnik Қазақстан» мультимедиалық баспасөз орталығында бала құқықтарын қорғауға бағытталған #ItsAllAboutAbility ақпараттық науқанын іске қосуға арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де «Транспорт тауэрс» ғимаратында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің медиа-орталығында міндетті техникалық қарап-тексеру мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы магистранттар қатарына салтанатты қабылдау рәсімін өткізеді.

Сағат 16.00 Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-лабораториялық корпусының концерт залында Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Otbasy - baqyt mekeni» жобасы басталады.

Сағат 17-00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде «Пішін мен бейне үндестігі» атты тақырыптық қор көрмесі ашылады.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Atakent Park Hotel» отелінде «Адалдық алаңы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы» атты бірінші форум өтеді.

Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Отбасы институтын нығайтуға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған отбасылық кеңес беру бойынша әлеуметтік жобалар жиынтығын іске асыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Egemen Qasaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған «Ұшқыннан басталған Egemen Qasaqstan» мерекелік іс-шарасы өтеді.

Сағат 15.00-де Ұлттық кітапхананың Н.Дәулетов атындағы залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» кітап сериясының тұсаукесері өтеді.

Сағат 16.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласы қоғамдық кеңесі комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 19.00-де «Құрманғазы оркестрі» концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парасат орденінің иегері, профессор, дирижер Айтқали Жайымовтың Құрманғазы оркестрінің 85 жылдық мерейтойы аясында «Еркін елім» концерті өтеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 15:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2020 - еріктілер жылына арналған брифинг өтеді.

Соңғы жаңалықтар