700-ден астам атыраулық жүргізуші көліктеріне ксенон таққан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері 700-ден астам жүргізушінің көлігіне ксенон таққаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырауда көлігіне ксенон, лэд шамдарын қондырған жүргізушілер көбейген.

«Осындай жарық шамдарын қондырған көлік жүргізушілері жолдың қарсы бағытындағы жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп, көптеген наразылық тудырып отыр. Биылғы жыл басына бері осындай әрекетке барған 700-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, 29 қарашада сағат 21:05 шамасында Атырау қаласындағы Сатпаев көшесінде «ВАЗ-21144» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде жүргізушісі 21 жастағы жүргізушінің көлік құралына ксенон жарығын таққаны анықталды. Аталған жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 7-бөлімімен (Сыртқы жарық беру аспаптарын заңсыз қайта жабдықтағаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал, 1 желтоқсанда сағат 23:55 шамасында Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында тоқтатылған «Toyota Camry» маркалы автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі көлігіне ксенон жарығын тағу дерегін екінші рет қайталағаны белгілі болды. Жүргізуші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 10-бөлімімен (Сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмейтін автокөлік басқарғаны үшін) 14 585 теңге көлемінде айыппұл төледі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір күнде 30-ға жуық жол-көлік апаты тіркеліп, зардап шеккендер барын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар