7 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 7 желтоқсан күні өтетін маңызды шаралардың аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 11.00-де «Mega Silk Way» СОО-да #Kids4Rights балаларға арналған сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Конкурсты Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының 30 жылдығын мерекелеуге арналған жаһандық науқан аясында Қазақстандағы ЕО Өкілдігі ЮНИСЕФ, Бельгия және Швейцария елшіліктерімен бірлесіп ұйымдастырған.

АЛМАТЫ

Сағат 12.00-де Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында спорттық жекпе-жек түрлерінен Конфедерация кубогы өтеді.

Сағат 18.00-де Көктөбеде «Бастау-2019» кинофестивалінің салтанатты шарасы өтіп, жеңімпаздардың есімдері жарияланады.

Соңғы жаңалықтар