+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

7 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 7 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
7 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 7 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық азаматтық авиация күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Чикаго қаласында өткен (АҚШ) конференцияға мүше - 52 мемлекет өкілдерінің Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қол қойған күнінен бастап атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1963 жылы Жамбыл қаласында халық ақыны Жамбыл Жабаевқа қола ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы - Қазақстанның халық суретшісі, мүсінші Х.Наурызбаев.

1990 жылы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреатры Е.Тапеновтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы қойылымымен ашылды.

2011 жылы Әбілқайыр ханның жерленген орны табылды. «Хан моласы» қорымы көптеген жылдан бері зерттеліп келеді. Көптеген қорымдардың ішінде №178 және №92 нысандары таңдап алынды. ҚР БҒМ Жалпы генетика және цитология институты жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша, ДНК сарап­тамасы 99,355% көрсеткен.

2011 жылы Ресей Федерациясының қорғаныс ведомствосы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалған әскери қызметшілер туралы электрондық деректер банкін берді.

2012 жылы Алматы қаласында батыр, қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат еткен Райымбек батырға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болды. Ескерткіш А.С.Пушкин көшесімен қиылысатын Райымбек даңғылының бойына орнатылған.

Ескерткіш авторы – Едіге Рахмадиев, дизайнын жасаған – Игорь Поляков, архитекторы – Владимир Немчиков.

2015 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының мәртебесі мен жұмыс істеу параметрін анықтайтын «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық Заңына қол қойды.

2016 жылы Атырау қаласында Қашаған жобасының ресми ашылуы болды.

Қашаған – Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі бірінші теңіз мұнай-газ кен орны, сондай-ақ еліміздегі ең ірі халықаралық инвестициялық жоба.

2017 жылы Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мұраны қорғау Үкіметаралық комитетінің 12-сессиясында Қазақстанның «Қазақ дәстүрлі асық ойыны» өтінімі адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілді. Асық ойыны адамның ой өрісінің және дене бітімінің дамуына ықпал етеді, әрі ұлтына қарамастан өскелең ұрпақ өзара арасында жақындасуға жол ашады. Балалық шақ символы ретінде асық ойыны Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда, сондай-ақ бірлік пен ұлттық сана сезімін дамытуда маңызды рөл атқарады.

2018 жылы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекеттік тарих институты Қазақстан тарихымен байланысты архив құжаттарына қол жеткізу үшін Түркия және Тәжікстанмен меморандумға қол қойды. Қазақстан тарихына қатысты көптеген мұрағат құжаттары Ресейде, Иранда, Өзбекстанда, Қытайда және басқа елдерде бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT