7-сынып оқушысы Кирилл Свиридов Абайдың 30 өлеңін жатқа біледі

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс орталығының К. Макпалеев атындағы № 4 жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Кирилл Свиридов қалалық және республикалық конкурстардың жүлдегері, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Оқушының ұстазы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Мәнзиля Төлеубаеваның айтуынша, Кириллдің Абай өлеңдеріне деген қызығушылығы 3-сыныптан басталған. Содан бері ол Абай оқулары мен «Мың бала» ғылыми-ағартушылық жобасына қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатына ие болған. - Мен Абайдың 30 өлеңін жатқа білемін, - дейді Кирилл Свиридов. – Абай өлеңдері арқылы қазақ халқының тарихы мен мұң-мұқтажын түсіндім. Болашақта қазақ тілін еркін меңгеруге тырысамын.

Айта кетейік, жақында Ertis музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музейінің экспозициясының ашылуында Кирилл Свиридов «Сенбе жұртқа» өлеңін оқыды.

К. Макпалеев атындағы № 4 жалпы орта білім беру мектебі мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беретін оқу орны. Мұнда 1406 оқушы білім алады.


Соңғы жаңалықтар