+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

7 маусымда ауа райы құбылмалы болады

2020 жылғы 7 маусым 00:45
Бөлісіңіз:
7 маусымда ауа райы құбылмалы болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 маусымда атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен шығыстың кей жерлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында күн ашық, кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Батыста - аптап ыстық, солтүстікте - жел: 11 шілдеге арналған ауа райы Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с, сондай-ақ шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылмен күшейеді. Қызылорда, күндіз Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 18 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT