«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламасымен қанша азамат үйлі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру шаралары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканы қолдау аясында Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы тұрғысында биылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша банктер жалпы сомасы 454,3 млрд теңгеге 618 өтінімді мақұлдап, 266,6 млрд теңге сомасына 536 қарыз берді», - деді ҰБ басшысы Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, төтенше жағдайдың енгізілуінен зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы аясында биылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша кәсіпкерлер 535,9 млрд теңге сомасына 2 207 өтінім берді. Осы орайда 341,4 млрд теңгеге 1 279 несие берілді.

«Ал «7-20-25» бағдарламасы тұрғысында осы жылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша 240,7 млрд теңгеге 20 693 өтінім мақұлданды, оның ішінде 199,3 млрд теңге сомасына 16 868 қарыз берілді.

«Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама аясында 6 тамыздағы жағдай бойынша 296,4 млрд теңге сомасына 34 904 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 235,6 млрд теңгеге 28 347 несие берілді», - деді Е. Досаев.


Соңғы жаңалықтар