«7-20-25» бағдарламасы бойынша 15 мыңға жуық өтінім мақұлданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде несие беруге 14 836 өтінім мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылы 23 қаңтардағы жағдай бойынша несие алуға 287,1 млрд теңге сомасына 25 354 өтінім қабылданды. Оның ішінде 169,9 млрд теңге сомаға несие беруге 14 836 өтінім мақұлданды, 144 млрд теңге сомаға 12 523 несие берілді», делінген хабарламада.

Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына - 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна - 20% бастап. Несие мерзімі - 25 жыл.


Соңғы жаңалықтар