7-20-25: Бағдарлама аясында 14 мыңға жуық өтінім мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде биылғы 26 желтоқсандағы жағдай бойынша қарыз алуға 268,6 млрд теңге сомасына 23 754 өтінім қабылданды. Бұл жөнінде Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның ішінде 159,2 млрд теңге сомаға қарыз беруге 13 894 өтінім мақұлданды. 136,5 млрд теңге сомаға 11 903 қарыз берілді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.

Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интертен-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.


Соңғы жаңалықтар