66 жастағы қостанайлық тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында 66 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады. Оқиға 17 қараша күні облыс орталығында болды.

«Қостанай қаласының 66 жастағы тұрғыны 9-қабаттағы терезеден секіріп кетті. Қаза болған әйелдің ұзақ уақыт ауырғаны анықталды. Ол туыстарына қоштасу хатын қалдырып кеткен», -дейді И.Беженарь.

Қазір осы факт бойынша сараптама тағайындалып, тергеу жұмысы басталды.


Соңғы жаңалықтар