+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

60 млн адам пандемия салдарынан тақыр кедейшілікке ұшырауы мүмкін -Дүниежүзілік банк

2020 жылғы 20 мамыр 11:42
Бөлісіңіз:
60 млн адам пандемия салдарынан тақыр кедейшілікке ұшырауы мүмкін -Дүниежүзілік банк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем бойынша 60 миллионға жуық адам пандемия салдарынан кедейшіліктің шекті жағдайында болуы мүмкін, деп санайды Дүниежүзілік Банктің (ДБ) президенті Дэвид Мэлпас. Тиісті мәлімдеме сейсенбі күні ұйымның сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пандемия және дамыған экономикалардың тоқтап тұруы 60 миллионға жуық адамды кедейлікке әкелуі мүмкін. Бұл жақында кедейлікпен күрес жұмыстарының айтарлықтай бөлігін жоққа шығарады», - деп мәлімдеді Мэлпас.

Ол экономикалық өсімге оралу үшін төтенше жағдайға тез және икемді әрекет ету, халықтың кедей топтарына, оның ішінде ақшалай көмек көрсету, жеке секторды қолдау және экономиканың тұрақтылығын нығайту қажет екенін атап өтті.

Мәлімдемеде Дүниежүзілік банк әлем халқының 70% құрайтын 100 елде індетпен күресуге көмектескені айтылған. Жалпы алғанда, Дүниежүзілік банк 15 ай ішінде пандемия зардаптарымен күресу үшін дамушы елдерге гранттар, несиелер және инвестициялар түрінде 160 миллиард АҚШ долларын бөлуді өз міндетіне алған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Банктер, Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT