6 жыл іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Мысырдан табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жалған ақпарат беріп, 6 жыл бой тасалаған күдікті Мысыр елінен табылды. Алматы облысының тұрғыны 2012 жылы кісі өлімі бойынша сот отырысында өтірік айтып, 3 адамды ақтап қалуға тырысқаны үшін айыпталуда,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шет ел асып, қашып жүрген ауыл тұрғынын полиция қызметкерлері халықаралық іздеуге жариялаған болатын. Қазіргі таңда күдікті Қазақстанға жеткізілді.

«2012 жылдың жазында Райымбек ауданында кісі өлімі бойынша үш адам күдікті деп танылып, тергеуге алынады. Алғашқы сот отырысында қашқын жалған ақпарат беріп, күдіктілердің қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан. Алайда 3 азаматтың қылмысы дәлелденіп, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Аталған ведомствоның ақпаратына сәйкес,  тергеушілерді адастырып, жалған айғақтар ұсынған азаматқа ҚР ҚК 420-бабы бойынша айып тағылып отыр. Күдікті қамауға алынған.

Соңғы жаңалықтар