6 жасар қазақстандық өнерпаз табиғатты қорғауға шақырып, ән шырқады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас өнерпаз Ляйсан Исмакова «Мұзды өлке 2» (Холодное сердце 2) анимациялық мюзикліне жазылған «Қайтадан көкжиекке» (Вновь за горизонт) әнін кавер жанрында орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кавер әннің бейнебаяны Іле Алатауында түсірілді. Кадр түсірілімі таңғы сағат 6-да басталды.

«Осы бейнебаян арқылы қазақстандықтарды табиғатты қорғауға және қоршаған ортаны ластамай, оған ұқыппен қарауға шақырамын», - деді жас әнші Ляйсан.

Кішкентай өнерпаз әнді тау бөктерінде, өзен жағасында және түрлі өсімдіктер қоршаған ортада орындады.

Ляйсан музыкамен 3 жасынан бастап айналысады. Ол алғаш рет үлкен сахнаға Қарағандыда өткен Fashion House International Kazakhstan халықаралық байқауында шығып, «Best Singer» номициясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

Биылдың өзінде жас талант екі бірдей республикалық байқаудың лауреаты атанды. Оның бірі «Asia Voice» және «Festival.KZ».

Қазіргі уақытта 6 жасар әншінің репертуарында «Кукушка», «Қасиетті Домбыра», «Бау бақша белдер», «Әжемнің шайы», «Песенка мамонтенка», «Улыбка», «Мама знает», «148 принцев», «Мама», «Вера» және тағы басқа әндердің кавер нұсқасы бар. Одан бөлек, Ляйсан биыл ақпан айында «Мисс ТикТок» атты авторлық әнін жазды.


Соңғы жаңалықтар