+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

6 тамыз. Туған күн иелері

2021 жылғы 6 тамыз 08:10
Бөлісіңіз:
6 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 6 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
15 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

73 жыл бұрын (1948-2017) кинотанушы, кино тарихшысы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Рамазанұлы НӨГЕРБЕК дүниеге келді.

Ұлытау өңірінде туған, Мәскеуде, ВГИК-тің сценарлық-кинотанушылық факультетінің кинотану бөлімін тәмәмдаған (1971).

Мультипликация бірлестігінің бас редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарлық редакция алқасының мүшесі (1971-1981), Қазақстан кинематографистер одағының хатшысы (1981-1985), М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, театр және кино бөлімінің аға ғылыми қызметкері (1985-1999), Т. Жүргенов атындағы «Театр және кино» институтының проректоры (1993-1994), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Мәдениет комитеті, театр өнері және кинематография бөлімінің бастығы (1999-2001) қызметін атқарған. 1993-2017 жылдары Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында кинотанушылар шеберханасына жетекшілік етті.

Отандық кино тарихында кинотанушылардың алғашқы түлектерін оқытып шығарған (1993-1997; 1998-2002; 2002-2006). Қазақстан Республикасы Білім саласының үздік қызметкері атанды (1998). Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының академиялық профессоры (2000). Өнертану профессоры (2005). Төмендегі кітаптардың авторы: «Қазақ киносының жылнамасы», «Ертегіге жан бітсе: Қазақстанның мультипликациялық киносы» (Алматы, «Өнер», 1984, монография КСРО кинематографистері одағының сыйлығымен марапатталған), «Қазақстан киносы», «Қазақ киносының тарихы», «Экранда «Қазақфильм», «Қазақ киносындағы экрандық-фольклорлық дәстүр», сондай-ақ, 250-ден астам мақала, рецензия мен эссенің авторы.

60 жыл бұрын (1961) Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Әнуарбекұлы ҚИЗАТОВ дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. 1983 жылы Алматы теміржол институтын құрылысшы мамандағы бойынша, 1991 жылы Бүкілодақтық теміржол көлігі ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын, 2003 жылы Сібір мемлекеттік теміржол машина жасау университетінің докторантурасын тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1983 жылы – ПЧ-Новошинскийдің көпір шебері; 1983-1985 жылдары – Кеңес Армиясы қатарындағы қызмет; 1985 жылы – Целинный темір жолының «Бақылау қашықтығының Пески- Целиноград станциясының» аға жол шеберінің м.а.; 1985-1986 жылдары – Целинный темір жолының «Бақылау қашықтығының Пески- Целиноград станциясының» Дистанция бастығының орынбасары; 1986-1988 жылдары – Целинный темір жолының «Бақылау қашықтығының Пески- Целиноград станциясының» Дистанцияның бастығы; 1991-1992 жылдары – Шу филиалының бас инженерінің орынбасары; 1991-1992 жылдары – Целинный темір жолының Көкшетау филиалының жол бөлімшесінің 1-санатты инженер; 1992-1993 жылдары – Целинный темір жолының Көкшетау филиалының техникалық бөлім бастығының м.а.; 1993-1995 жылдары – Целинный темір жолының Көкшетау филиалының техникалық бөлім бастығы; 1995-1997 жылдары – Целинный темір жолының Көкшетау филиалының жол маркетинг, сауда және логистика бөлімі бастығының орынбасары; 1997 жылы – Целинный темір жолының Көкшетау филиалының Бас инженердің міндетін атқарушы, Целинный темір жолының бөлімінің Бас инженері, «ҚТЖ» РМК Жол басқармасының бастығы; 1997-1998 жылдары – «ҚТЖ» РМК Жол бас дирекциясының бастығы; 1998-2000 жылдары – «Ремпуть» еншілес мемлекеттік кәсіпорынның директоры; 2000-2001 жылдары – ҚТЖ» РГП Бас директордың орынбасары; 2002-2003 жалдары - ҚТЖ» ЗАО Магистральдық теміржол желісі департаментінің директоры; 2003-2004 жылдары – «КТЖ» ЗАҚ Магистральдық желі дирекциясының басқарушысы; 2004-2005 жылдары – АҚ «НК» КТЖ» Президенттің кеңесшісі; 2005-2006 жылдары – АҚ «Транс-казахстанская магистраль» Президенті; 2006-2007 жылдары – «Ассоциация Магистраль» ЗТС Бірінші вице-президенті; 2007-2008 жылдары – «ТSC group corporation» ЖШС Бас директордың орынбасары; 2008 жылы – ҚТЖ Вице-президенттің м.а.; 2008-2009 жылдары – ҚТЖ Вице-президенті; 2009 жылы – АҚ «НК «ҚТЖ» Вице-президенттің міндетін атқарушы; 2009-2014 жылдары – АҚ «НК «ҚТЖ» Вице-приезиденті; 2014 жылы – АҚ «НК «ҚТЖ» Президенттің кеңесшісі, АҚ «НК «ҚТЖ» Жеке және әлеуметтік мәселелері жөніндегі вице-президенті; 2014-2015 жылдары – АҚ «НК «ҚТЖ» Вице-приезиденті; 2015-2019 жылдары – АҚ «НК «ҚазАвтоЖол» Басқарма төрағасы.

2019 жылдың тамызынан бастап қазіргі қызметінде.

60 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кеңесшісі Арман Кеңесұлы ЖАЛМҰХАНБЕТОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын Қарағанды ҚІІБ-нің №223 бөлімшесінде пост қызметінен бастаған. Алматы қаласының Мәскеу, Әуезов, Калинин аудандық милиция бөлімшелерінің жедел қызметтерінде еңбек еткен. Әр жылдары ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі орталық басқармаға, Астана ҚІІБ-на, ІІМ әскери-тергеу департаментіне, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының ІІД-не басшылық еткен. 2012-2016 жылдары – Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы. 2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің Қырғызстандағы өкілі өкілі.

2019 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі қызметінде.

2007 жылы Ресей қауіпсіздік, қорғаныс және құқық тәртібі мәселелері академиясының Ю. Андропов орденімен марапатталған. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2004 жылы Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», ІІ дәрежедегі «Мінсіз қызметі үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

59 жыл бұрын (1962) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Есмұқанұлы ӘЛМАҒАМБЕТОВ дүниеге келген.

Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын темір жолдарды пайдалану мамандығы бойынша (1983); М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын темір жол көлігіндегі Экономика және менеджмент мамандығы бойынша (2001) бітірген.

Еңбек жолы: Алма-Ата 1 станциясында пойыздарды құрастырушы (1983); Целинный темір жолының Көкшетау бөлімшесінің әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеді, Целинный және Ақмола темір жолдарының қозғалыс қызметін басқарды (1985-1998); «ҚТЖ» РМК Павлодар тасымалдау бөлімшесінің бастығы (1998-1999); «ҚТЖ» РМК орталық аппаратында тасымалдау Бас басқармасының бастығы, тасымалдау департаменті директорының орынбасары (1999-2001); «ҚТЖ» РМК «Жүк тасымалы» ЕМК директоры» (2001-2002); «Теңізшевройл» БК үшін аса көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау бойынша консалтингтік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс тобының менеджері (2002-2004); «Қазжелдортранс» ақ жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі вице-президенті (2004-2005); «ҚТЖ» ҰК «АҚ «Ақмола тасымалдау бөлімшесі« филиалының директоры (2005-2006); «Қазтеміртранс« АҚ вице-президенті (2007-2008); «ҚТЖ «ҰК» АҚ Тасымалдау процесі жөніндегі Басқарушы директоры (2008-2009); «ҚТЖ «ҰК« АҚ пайдалану жұмысы жөніндегі Басқарушы директоры (2009-2012); «ҚТЖ «ҰК» АҚ Басқарушы директоры – аппарат басшысы (2012 -2013); «Қазтеміртранс» АҚ президенті (2013-2014); «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі (2014-2015); «KAZLOGISTICS «көліктік және логистикалық ұйымдар және қауымдастықтар одағы» ЗТБ Бас директоры (2015-2018); «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары (2018-2021).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2021 жылғы сәуірде кіріскен.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2010).

51 жыл бұрын (1970) Семей қаласының әкімі Нұрымбет Аманұлы САҚТАҒАНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қызылорда педогогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалім, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылорда қаласындағы № 172 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылорданың № 9 орта мектебінде жұмысын жалғастырды. 1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2001-2006 жылдары – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы (ҚР Қаржы министрлігінің Кеден комитеті, Кеден бақылау агенттігі). 2006-2007 жылдары – ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, министрдің кеңесшісі. 2007-2010 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары. 2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2012-2015 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары 2015-2018 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2018-2021 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі.

Қазіргі қызметінде 2021 жылғы қаңтардан бері.

46 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал САПАРБЕКҰЛЫ дүниеге келген.

Жамбыл облысында туған. Таяу Шығыс техникалық университетін (Middle East Technical University) халықаралық қатынастар мамандығымен бітірген (1999).

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі (2000-2003); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы, екінші хатшы (2003-2008); «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Xалықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2008); Женева қаласындағы БҰҰ-ның Еуропа бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігінің кеңесшісі (2008-2011); Түркі Кеңесі Хатшылығының директоры (2011-2014); Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі/Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары (2014-2017).

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың сәуірінен бері.

39 жыл бұрын (1982) Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Қанат Дүйсенбайұлы ТӨСЕКБАЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік медициналық университетін (2005); «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ганновер жоғары медициналық мектебін «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» мамандығымен (2008) бітірген; АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде тағылымдама бағдарламасы бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығымен білім алған.

Еңбек жолы: Vivantes клиникасындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жобалау менеджері, Берлин (2007); «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Астана қаласы (2008-2009); ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің кеңесшісі, «Астана медициналық университеті» АҚ бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы (2009-2010); «Қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы» МКҚК бас дәрігері, Астана қаласы (2010-2013); ҚР Президенті Іс басқармасының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті (2013); ҚР Президенті Іс басқармасының «Almaty Resort» клиникалық шипажайы» АҚ президенті (2014); «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК бас дәрігері, Алматы қаласы (2015-2017); Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2017-2018 жылғы қазан); Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2019 жылдан Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы (10.2018-09.2019).

Қазіргі лауазымын 2020 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT