22:10, 05 Тамыз 2021 | GMT +6
6 тамыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 тамыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
11.00-де «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Оралхан Құлақов «2021 жылдың 7 айындағы темір жол көлігімен жүк тасымалдау қызметінің қорытындысы» тақырыбында онлайн-брифинг өткізеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласын дамыту туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Энергетика вице-министрі Қарағаев Жұмабай Ғаббасұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Атырау облысындағы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің «Қылқалам ұшындағы құдірет» атты көшпелі көрмесі ашылады.