6 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі 6 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

4 желтоқсанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

4 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, орталығында тұмантүсуі ықтимал.

Жезқазғанда ретең түнде тұман түседі.

4 желтоқсанда Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді.

4 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.

4 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда ертең түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

4 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.


Соңғы жаңалықтар