+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

6 наурыз. Туған күн иелері

2021 жылғы 6 наурыз 08:10
Бөлісіңіз:
6 наурыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 6 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

222 жыл бұрын (1799-1861) ағылшын саяхатшысы, суретші Томас Уитлам АТКИНСОН дүниеге келді.

1848-1852 жылдары Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, тарихи-этнографиялық, географиялық зерттеулер жүргізген. Аткинсонның 1858 жылы Лондонда жарық көрген «Шығыс және Батыс Сібірдегі зерттеулер» атты екі томдық еңбегінде Семей, Аягөз, Қапал, Алматы қалалары мен бекіністеріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қазақтардың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, билеуші топтары арасындағы талас-тартыс, Шыңғыстау күміс кені, балыққа бай Зайсан көлі жөнінде көптеген деректер бар. 1860 жылы «Амудария бойымен саяхат» атты кітабы жарыққа шықты. Онда қазақ қоғамын іштей жегідей жеп жатқан «барымта» дегеннің куәсі болдым дей келіп, «Түнгі ауылға шабуыл», «Аттылы қырғыздардың ұрысы» атты суреттер жариялады. Соңғы суретінде қазақтардың сол кездегі қару-жарағы (айбалта, найза) бейнеленген. Қазақтардың киімін, тамағын, қысқы киіз үйін суреттеп, бұл жөнінде бірнеше этнографиялық гравюралар, көп мағлұматтар қалдырған. Алатаудың солтүстік беткейінде, Зайсан мен Балқаш аралығында кездескен түрлі обалар мен көне зираттардың құрылысын сипаттап жазған. Аткинсон дала тұрғындарының ақындық рухына, моральдық түсінігінің жоғарылығына, түрлі жер аттарына (Қаркөл, Қалмақтау, Ақтас, Ертіс, тағы басқалар) байланысты аңыз-әңгімелерді баяндаған. Сүйік пен Айғаным арасындағы сүйіспеншілік, Сүйіктің Айғанымды алып қашуы, Айғанымның қамысты көл жағасында жолбарыстан опат болуы туралы халық арасында ертеден келе жатқан аңыз желісін баяндауы да ағылшын авторының қазақтардың рухани мәдениетіне жіті назар аударғанын көрсетеді.


65 жыл бұрын (1956) Қазақстанның сот жүйесінде төрелік сот жүйесінің негізін қалаушының бірі Моряк Смағұлұлы ШЕГЕНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Шет ауданында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

1983-1989 жылдары - Жезқазған облыстық кәсіподақ кеңесінің нұсқаушысы, Жезқазған көлік прокурорының көмекшісі. 1989-1992 жылдары - Жезқазған қалалық сотының судьясы. 1992-1995 жылдары - Жезқазған облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы. 1995-2009 жылдары - Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы, судьясы қызметтерін атқарған. 2009-2019 жылдары – ҚР Жоғарғы сотының судьясы.

51 жыл бұрын (1970) ҚР Қарулы Күштері Бас штабының әскери дайындық департаментінің бастығы Алмаз Жеңісұлы ЖҰМАКЕЕВ дүниеге келді.

Қырғызстанда туған. 1992 жылы Ленин комсомолы атындағы Рязань жоғары әуе-десант командалық училищесін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери академиясын бітірген.

Әскери қызметін барлау взводы командирінен бастаған. Штабтық рота, батальон, бригада командирі болған. ҚР ҚМ ШБК Жауынгерлік дайындық және әскер қызметі департаментінің бастығы, «Астана» өңірлік қолбасшылығында штаб бастығы, Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарған. Десантты-шабуылдаушы бригаданың командирі. ҚР Қарулы Күштеріндегі аэроұтқыр әскерлер қолбасшысы (2015-2016); ҚР Қарулы Күштерінің Десант-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы (2016-2018); ҚР Қарулы Күштері Құрлықтағы әскерлері бас қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары - ҚР ҚК Құрлықтағы әскерлер Бас қолбасшысы басқармасының әскери дайындық жөніндегі бас басқармасының бастығы (2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылғы желтоқсанда кірісті.

Екінші дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» мемлекеттік ордендерімен марапатталған.


46 жыл бұрын (1975) белгілі журналист Айгүл Адиятоллакызы МҮКЕЙ дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. Ақмола мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультетін (1996) орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино факультетін (2002) телевизияның автор-түсініктемешісі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1992 жылдан - «Эфир» телекомпаниясының редакторы, жүргізушісі (Ақмола қаласы). 1999 жылдан - «Хабар» Агенттігі» АҚ жүргізушісі, журналисі, Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары. 2008-2014 жылдары - «Хабар» Агенттігі» АҚ «Ел арна» телеарнасының директоры - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы - «ТВ продюсерлері» шеберханасының жетекшісі; 2014 жылдан - Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің басшысы, маркетинг департаменті директорының орынбасары. 2015 жылғы желтоқсаннан SNC Kazakhstan журналының бас редакторы болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT