+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

6 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылғы 6 наурыз 07:00
Бөлісіңіз:
6 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2021 жылғы 6 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
20 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі 16 сәуір. Туған күн иелері 16 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіләлемдік тіс дәрігері күні

1790 жылы Джордж Вашингтонның жеке тіс дәрігері Джон Гинвуд стоматологиялық бор жасап шығарды және ол осы күннің күнтізбеге енуіне көп еңбек сіңірді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1917 жылы 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға рақымшылық жарияланып, Уақытша үкімет бұрынғы әкімшілік құрылымдармен қатар облыстық және уездік комиссариаттар құра бастады. Торғай облысына Әлихан Бөкейхан, Жетісуға Мұхамеджан Тынышбаев, Оралға Халел Досмұхамедұлы, ал Қостанай уезіне Ахмед Бірімжанұлы комиссар болып сайланды.

1987 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы ОК-нің «Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы» және «Республикада орыс тілін оқытуды жақсарту туралы» қаулылары қатар жарық көрді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

2014 жылы қазақ және орыс тілдерінде «Астана: женский род» альманағы жарық көрді. Онда саясатта, бизнесте, қоғамдық салалар және ғылымда, спортта, өнер әлемінде, ағарту және медицинада толағай табыстарға қол жеткізген қазақстандық әйелдердің өмірбаяндары берілген.

2014 жылы Берлинде Қазақстан Республикасының экономикалық және мәдени орталығының ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл қазақстандық-германдық сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мен кеңейтуге бағытталған кезекті қадам болды. Шара қорытындысы бойынша, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Шығыс герман экономика комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2015 жылы Қазақстан мен Монако қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қойды.

2016 жылы Қарағанды мемлекеттік индустрия университетінің оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты Владимир Меркулов ғылым мен өнертабысты дамытуға қосқан үлесі үшін Альфред Нобель атындағы медальмен марапатталды.

2019 жылы Америкада қазақстандық бойжеткендердің бастамасымен «Гүлдер» би ансамблі құрылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT