+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

6 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 6 маусым 07:00
Бөлісіңіз:
6 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 6 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
6 шілде. Туған күн иелері 6 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі Түркістан облысында 12 жастағы жасөспірім суға батып кетті

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік зиянкестерге қарсы күрес күні

Дүниежүзілік зиянкестерге қарсы күрес күнін енгізу бастамасын Қытайдың зиянкестермен күрес қауымдастығы 2017 жылы көтерді. Оның бастамасын басқа ұлттық және өңірлік ұйымдар да қолдады. Негізгі міндеті - кең жұртшылықтың назарын зиянкестерге қарсы күрестің қоғамдық денсаулықты сақтаудағы маңызына аудару.

Орыс тілі күні

Бұл мереке халықаралық күнтізбеде 2010 жылы БҰҰ қоғаммен байланыс департаментінің ұйымның ресми алты тіліне арналған күнді тойлау ұсынысынан кейін пайда болды. 6 маусымды таңдау себебі - осы күні орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкин дүниеге келген.

ЕСТЕҚАЛАРОҚИҒАЛАР

1845 жылыАтбасар қаласының негізі қаланды. Астанадан солтүстік-батысқа қарай 232 шақырым жерде, Жабай өзенінің (Есілдің бір саласы) оң жағалауында орналасқан. Қазан төңкерісіне дейін мұнда Атбасар жәрмеңкесі өткізіліп тұрды. 1928 жылы аудан орталығына айналды. Ақмола-Қарталы тас жолының салынуы (1940) қаланың одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасады. 1987 жылы Алматы облысының бұрынғы Кеген ауданында Ораз Жандосов тұрған және қызмет істеген үйде ескерткіш тақта орнатылды.

1945 жылы Қарағанды қаласында әлемдегі алғашқы көмір комбайны сынақтан өтті. Көмір комбайнының алғашқы өнеркәсіптік үлгісін 1932 жылы кеңестік өнертапқыш Алексей Иванович Бахтумский құрған.

1987 жылы Ораз Жандосов тұрып, еңбек еткен Кеген ауылында мемориалдық тақта орнатылды. Ораз Қиқымұлы Жандосов (1899-1938) – Қазақстанның танымал мемлекеттік қоғам қайраткері, публицист.

1991 жылы Қазақстанның жоғары білікті халық шаруашылығы мамандарын университеттік деңгейде даярлауды кеңейту мақсатында әрі Орта Азияның ежелгі ғылыми-мәдени ошағы болған Түркістан қаласын дамытуға серпін беру үшін Түркістан мемлекеттік университеті ашылып, оған ұлы ақын әрі ағартушы Қожа Ахмет Ясауидің есімі берілді.

2012 жылы қазақстандық зерттеушілер тобы «Шетелдегі қазақтардың өнері» жобасы аясында Өзбекстанда экспедиция өткізді. Жоба үш жылға жоспарланған. Оның шеңберінде Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Түркіменстан және Ресейдегі қазақтардың мекендейтін жерлеріне экспедиция жасау қарастырылған.

2012 жылы Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) байқауының қорытындысы бойынша «10 000 теңге» банкноты 2011 жылдың үздік банкноты атанды.

2016 жылы Вена қаласында өткен Баллистикалық зымырандардың таратылуына қарсы халықаралық тәртіп кодексіне мүше мемлекеттердің тұрақты 15-ші кездесуінде (Гаага тәртіп кодексі ГТК атауымен белгілі) ГТК төрағалығы бір жыл мерзімге Қазақстанға ауысты.

2016 жылы Монте-Карлода велосипед өндірушілердің әлемдегі ең беделді көрмелерінің бірі LIKE BIKE 2016 көрмесі болды. Онда Қазақстан VINO брендін ұсынды. Оны брендтің негізін қалаушы, Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың өзі таныстырды.

2016 жылы Американың Мэриленд штатында қазақ тілінің сенбілік курсы ашылды. Бұл Қазақ-америкалық қауымдастығы мен АҚШ-та тұрып жатқан қазақ диаспорасының қолдауының арқасында жүзеге асты.

2017 жылы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай, «Көрікті Қазақстан - Көркем Қытай» фотокөрмесі ашылды. Фотокөрменің атқарушы органы - «ҚазАқпарат» ХАА және «Жэньминь хуабао» журналы.

2017 жылы қазақстандық 16 жастағы мектеп оқушысы Давил Кнышенко шұғыл жағдай кезінде қолданатын «Fast Helper» қосымшасын ойлап тапты. Оның көмегімен өрт сөндіру қызметі, жедел жәрдем немесе құтқару қызметін шақыруға болады. Бұл туындының маңызды бөлігі – шақырылған қызмет келгенше не істеу керек екенін хабарлайтын анықтамалықтың болуында. Оның жобасы «Ашық үкімет» порталының ашық мәліметтерін пайдалану байқауында үздік танылған.

2019 жылы «Qазахстанец» кітабы жарыққа шыққан. Оның авторы – cаяхатшы, түркі рухани мәдениетінің зерттеушісі, жазушы, республикалық әдеби сыйлықтардың лауреаты Тинкай Кретова.

Кітапта Қазақстан адамдары, оның тарихы, киелі орындары туралы жазылған. Автордың «Киелі Қазақстан» қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының зерттеу экспедициясы кезінде қалдырған очерктері бұл кітаптың ажырамас бөлігі болып табылады.

2019 жылы Cерік Сәпиев 2019-2020 жылдар бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері өкілдерінің Спорт және дене шынықтыру кеңесінің төрағасы болып сайланды.Бұл шешім Щучинск қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер Дене шынықтыру және спорт саласындағы келісім қатысушыларының Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің отырысында қабылданды. Кеңес отырысына ТМД мемлекеттері (Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) спорт және дене шынықтыру саласындағы құзыретті органдарының басшылары, сонымен қатар ТМД Атқарушы комитеті, Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының өкілдері қатысқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT