6 лауазым иесі жауапқа тартылды - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан жүргізілген тексерулер нәтижесінде 90 пайыз жағдайда қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді. Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты 184 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осының негізінде агенттік және аумақтық бөлімшелер тарапынан 101 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 40 өтініш иелерінің келтірген фактілері дәлелін тапты. Азаматтардың шағымдары бойынша тексеру қорытындысымен мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің 48 қызметкері түрлі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды», - делінген агенттік баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер негізінде 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, МҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментіне Қордай ауданының тұрғыны Б. Кишкенебаев Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын реконструкциялау үшін бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттар) жаңадан салуға рұқсат беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуден негізссіз бас тартуы бойынша шағымданды.

Б.Кишкенебаевтың шағымының негізінде Департамент тарапынан Бөлімде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша өтініште көрсетілген фактілер расталды.

Анықталған заң бұзушылықтар негізінде бөлімнің басшысы Е.Мендекеев ҚР ӘҚБтК 465 бабының 2-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Нәтижесінде, Б.Кишкенебаевқа 2021 жылғы 19 наурызда қызмет көрсетудің оң нәтижесі берілді.


Соңғы жаңалықтар