6 қазан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 6 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

59 жыл бұрын (1962) ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сіләмжанұлы СЫДЫҚОВ дүниеге келді.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. Қазақ КСР Еңбек мемлекеттік комитетінде еңбек ресурстары бөлімінің аға экономисі және іс басқару аға инспекторы, ҚР Еңбек министрлігінің жұмыспен қамту бас басқармасында еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің бас заң кеңесшісі, Жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет инспекциясының бастығы, Жұмыспен қамту бас басқармасы бастығының орынбасары; «Тұран-Агро» ЖШҚ заң бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президентінің Жоғарғы кеңестегі өкілінің аға сарапшысы, ҚР Парламенті Сенаты аппаратында консультант, құқықтық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі, сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлім меңгерушісі, аппарат басшысының бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты аппаратының басшысы болып қызмет атқарды.

«Құрмет» орденімен, ТМД ПАА Құрмет грамотасымен, «ТМД ПАА. 20 жыл» күміс медалімен, бес медальмен марапатталған.

57 жыл бұрын (1964) Алматы қалалық сотының төрағасы Асқар Спартакұлы СМАЙЛОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Қарағанды ​​мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (1989). Еңбек жолы: Жамбыл облыстық мемлекеттік төрелігінің арбитрі (1989-1994); Жамбыл облыстық төрелік сотының судьясы (1994-1995); Жамбыл облыстық сотының судьясы (1995-2009); Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы (2009); Жамбыл облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы (2010-2015). 2015 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі қызметінде.

52 жыл бұрын (1969) белгілі қазақстандық кәсіпкер, меценат, «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы әрі бас директоры, «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Тілеубайұлы СӘЛЖАНОВ дүниеге келді.

Ол Ақтөбе облысында туған. Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын, хирург (1993); Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институтын, экономист (1997); Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясын – Мәскеу қаласындағы Бизнес және іскерлік басқару институтын, маркетинг және сатылымдарды басқару (2005); Дьюк университетінің жанындағы Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебінің ықпалдастығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін (2012) бітірген. Еңбек жолы: Ақтөбе қаласындағы «Мақсат Капитал» ШЖК құрылтайшысы әрі директоры (1993-1998); «AKZHOL» қазақ-неміс біріккен кәсіпорнының тең құрылтайшысы және директоры (1998-2000); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «Қазақойл-Продактс» ЖШС Ақтөбе филиалының директоры (2000-2001); «AKZHOL» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры (2001-2004). «Құрмет» орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен; «Білім беру меценаты-2012» Алтын медалі және дипломымен марапатталған.

50 жыл бұрын (1971) «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Тасымалдау және логистика департаментінің директоры, «Қазмортрансфлот» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы Бақылаушы кеңесінің төрағасы Марат Көшкінбайұлы ОРМАНОВ дүниеге келді.

Севастополь жоғары әскери-инженерлік техникумын бітірген, инженер-механик; Қайнар университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштеріндегі қызмет (1993-1996); жетекші маманнан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да жетекші инженерге дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді (1996-2001); 2001-2005 жылдары «Қазмортрансфлот» ҰТК Ақтау филиалының директоры, бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары, бас директордың стратегиялық даму жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2020 жылдары «Қазмортрансфлот» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының бас директоры болған.

2020 жылғы мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.

38 жыл бұрын (1983) Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Анатольевич ГОРЬКОВОЙ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында туған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, құқықтану; Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, қаржы және несие.

Еңбек қызметі: Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қаржы полициясы органдарында жұмыс істеу (2007-2015); Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары (2015-2020).

Атқаратын лауазымында 2020 жылдың қыркүйегінен бастап.


Соңғы жаңалықтар