6 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 6 қарашада Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде - «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру барысы, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері, сондай-ақ 2020 жылға арналған ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасы.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 10.00-де «Қазмедиа орталығында» «Профилактикалық және оңалту жұмысын жетілдіру мәселелеріндегі дінтанушылар мен теологтардың рөлі туралы» атты Қазақстан дінтанушыларының IX форумы өтеді.

Сағат 11.00-де «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да «ҚазАгро» ҰБХ »АҚ Басқарма төрағасы Ербол Карашукеевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 16.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында Мәскеу-Кишинев-Нұр-Сұлтан бейнекөпірі форматында «VR, әлемдегі онлайн-блокчейн және онлайн-білім: отбасы мен мектепке арналған жаңа ресейлік жобалар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 19.00-де «Керуен» СО-дағы KINOPARK-те «Тәлімгерлер» фильмінің премьерасы болады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «Атакент» көрме кешенінде AgroWorld Kazakhstan және FoodExpo Qazaqstan 2019 көрмелерінің салтанатты ашылуы өтеді.

Сағат 11.00-де Best Western Atakent Park қонақ үйінде AgroWorld Kazakhstan 2019 көрмесі аясында өтетін Орталық Азиядағы AgTech Summit 2019 AgTech Summit 2019 шарасы өтеді.

Сағат 11.00-де «Ғылым Ордасы» РМК сирек кездесетін кітаптар мұражайында 1956 жылы жарық көрген ағылшын журналисі және жазушысы Годфри Лайастің «Kazak Exodus» кітабы туралы дөңгелек үстел өтеді. Кітап баспагер, саясаттанушы және қоғам қайраткері Бақытжан Бұқарбайдың ұйытқы болуымен «Аспантау асқан үркін көш» және «Қазақтардың ұлы көші» деген атпен қазақ және орыс тілдеріне аударылған.

Сағат 18.00-де М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің БАҚ өкілдерімен кездесуі және концерттік дәрісі өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар