500 мыңға жуық қазақстандық салық декларациясын ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша декларациялаудың бірінші кезеңі шеңберінде 461 мыңнан астам адам салық декларациясын ұсынған. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Декларация тапсыру мерзімдері қандай?

Қағаз арқылы декларация 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмей мемлекеттік кірістер органдарына не ХҚКО-ға келу тәртібімен ұсынылады.

Декларацияны электронды түрде 2021 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы ұсынуға болады.

Ақпаратты қайдан алуға болады?

Жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін түсіндіру үшін бірыңғай республикалық нөмір 1414 платформасында салық және кеден мәселелері жөніндегі байланыс орталығы іске қосылды.

Одан бөлек, әлеуметтік желілерінің көмегімен (Instagram, Facebook, Telegram) үлкен жұмыс атқарылуда.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz) жалпыға бірдей декларациялау бойынша барлық материалдар орналастырылды, сондай-ақ активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша бейне нұсқаулықтар бар.


Соңғы жаңалықтар