50 жастан асқандарда коронавирус жұқтыру қаупі басым – зерттеу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде коронавирус жұқтырғандар арасында жалпы өлім көрсеткіші 1,38% пайызды құрайды және бұл адамның жасына байланысты артып отырады. Яғни, 10 жасқа дейінгі балалар арасында өлім көрсеткіші 0,0016% болса, 80 жастан асқандарда 7,8%-ға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.

«Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 10-19 жас аралығындағы коронавирус жұқтырғандар стационарлық ем қабылдаған. Ал 80 жастан асқандардың 18 пайызын ауруханаға жатқызу қажет болған», - деп жазады автор.

Зерттеу авторларының айтуынша, инфекцияның ауыр өтуі орта жастағы адамдар арасында да байқалған.

«40 жастан асқандардың 4 пайызы, 50 жастан асқандардың 8 пайызы стационарлық ем-домды қажет еткен», - деп жазады автор.

Зерттеу қорытындысы Lancet медициналық журналында жарияланды. Зерттеу 70 мыңнан астам адамның анализі негізінде жасалған.

«Бұл зерттеу елу жастан асқандарда ауру жұқтыру қаупі басым екенін және инфекция жұқтырған күннің өзінде асқыну көбірек болатынын көрсетеді.



Соңғы жаңалықтар