USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

50 мамандық бойынша колледждерге қабылдау тоқтатылды - БҒМ

2021 жылғы 25 қараша 12:03
Бөлісіңіз:
50 мамандық бойынша колледждерге қабылдау тоқтатылды - БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат БҒМ сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қаңтардағы қайғылы оқиғаларға байланысты мектепте оқу жылы созылуы мүмкін бе ШҚО-да математика пәні мұғалімінің озық тәсілі көпшіліктің қолдауына ие болды Оқытудың озық әдісі: ШҚО-да мұғалім әлеуметтік желіні қалай пайдалануда

Ведомство техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа сыныптауышын әзірлеп, бекітті. Өзгерістер колледждерде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қазіргі сұраныстарына сәйкес келуі үшін жасалған.

Ендігі кезекте оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр.

Мәселен, қазақстандық колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, гувернер, заңгер-консульт және тағы басқа мамандықтар бойынша қабылдау тоқтатылды.

Сондай-ақ жіктеушіден «Білім беру ұйымының зертханашысы», «Патенттану» және басқа да мамандықтар алынып тасталды.

«Біздің басты мақсатымыз – білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұраныстарына сәйкестендіру болып табылады. Сондықтан біз үлкен талдау жұмыстарын жүргізіп, еңбек нарығына мониторинг жүргіздік. Жұмыс берушілермен және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездестік. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, мамандықтар жіктеуішісін жаңарттық. Енді қазақстандық колледждерде «Робототехника және ендірілген жүйелер», «Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы», «Өндірістің аддитивті технологиялары», «Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері», «Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру», «Графикалық және мультимедиялық дизайн», «Тас өңдеу өндірісі», «Ландшафтық дизайн», «Жылжымайтын мүлікті басқару», «Дестинацияны басқару», «Құрылыстағы сметалық іс», «Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі» және басқа да жаңа мамандықтар оқытылады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT