5 жылда озық технологияларды барлық ауыл шаруашылығы кешеніне жеткіземіз - Бағдат Мусин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы 5 жылда спутинктік және LoRaWAN технологиялары барлық ауыл шаруашылығы кешеніне жеткізілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығында цифрлық шешімдерді енгізу үшін тиісті байланыс инфрақұрылымы қажет. Цифрлы ақылды құралдарды, өлшеу құрылғыларын және басқа да датчиктерді қосу үшін ақпаратты тасылмалдау негізгі мәселе болып тұр. Бұл жұмыстың аясында спутинктік технологиялар және LoRaWAN секілді басқа да стандарттарды қолдану бойынша пилоттық жоба жүргіздік», - деді министр.

Оның айтуынша, аталған технологияларды ауыл шаруашылығы кешенінің барлығына жеткізу министрліктің алдағы 5 жылдағы бас мақсаты саналады.

«Ол 100 млн гектар жер көлемін қамтиды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы ретінде 50 млрд теңгеге жуық инвестиция тарту көзделіп отыр. Қажетті байланыс құрылғылары мен қызметтер шығындарын субсидиялау тетіктерін енгізуде қарастырылуы тиіс», - деді Бағдат Мусин.


Соңғы жаңалықтар