5 жылда 50 мектеп: Алтай Көлгінов құрылыс нысандарын тексерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада мектеп санын арттыруды жалғастырамыз. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан басшысының айтуынша, мектептер құрылысына жеке қаражат та тартылатын болады.

«Бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым. Олар Ұлы Дала даңғылы мен Тұран даңғылының қиылысында, сондай-ақ Е103 көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында орналасқан. Alpamys school мен Tamos Space school екі ауысымда 4 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

Оқу орындарының құрылысы елорданың барлық аудандарында, соның ішінде елді мекендерде жүргізіліп жатыр. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл көбірек мектеп саламыз. Үлкен көлемдегі 16 мектеп салынбақ. Олар биыл 40 мыңнан астам оқушы қабылдауға мүмкіндік береді. Өткен жылмен салыстырғанда оқушы орындарының саны 2 есе артық болса, 2019 жылмен салыстырғанда 4 еседен астам ұлғаяды», - деп жазды А.Көлгінов Instagram-да.



Мәлім етілгендей, кешенді жоспар аясында 5 жылдың ішінде 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланған. Сонымен қатар инвестициялық кеңестерде 30-дан астам жекеменшік мектептің құрылысы қолдау тапты.
«Бұл шаралар үш ауысымда оқытатын, шамадан тыс жүктеме артылған мектептердің санын азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша оқушылар мен мұғалімдерге қолайлы жағдай жасалмақ», - деді қала басшысы.



Соңғы жаңалықтар