5 шілдеден бастап шаштараз, спортзал, базарлар мен мешіттер қайта жабылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 14 күнге бірқатар нысанның қызметіне тыйым салынады. Мұндай шешім ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия шешімімен сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түлік сатпайтын жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа) жұмыс істемейді.

Сонымен бірге, діни нысандар және басқа (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары) қызметі тоқтатылады.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.



Соңғы жаңалықтар