+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

5 сәуір. Туған күн иелері

2020 жылғы 5 сәуір 08:10
Бөлісіңіз:
5 сәуір. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 5 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

84 жыл бұрын (1936-2020) - филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті).

1959-1962 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері. 1962-1999 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкер. 1995-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикақ институтының профессоры. 1997-1998 жылдары - Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 1999 жылдан - «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталықтың директоры қызметтерін атқарған.

1989 жылдан - «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның вице-президенті, 1996 жылдан - бірінші президенті, 2004 жылдан - президенті. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

58 жыл бұрын (1962) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы штабының директоры Хәкім Дүйшенұлы ҚҰШҚАЛИЕВ дүниеге келді.

Свердлов заң институтын бітірген. Еңбек жолын Гурьевтегі МӨЗ слесарі болып бастаған. Онан соң Гурьев облысында прокурор, Әділет министрі тергеу Департаментінің директоры, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, Шығыс Қазақстан облысының прокуроры, Жеке заңгерлік компанияның жетекшісі, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі жетекшісінің заң сұрақтары бойынша көмекшісі болды.

ҚР прокуратура органының Құрметті қызметкері, 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

51 жыл бұрын (1969) Алматы облысы әкімінің орынбасары Cерік Мелісұлы ТҰРДАЛИЕВ дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы халық шаруашылығы академиясын ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы және іскери әкімшілік шебері мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Мақсат» сыртқы экономикалық акционерлік қоғамы Талғар филиалы бас директорының орынбасары болып бастады.

Әр жылдарда кәсіпкерлік және сауда саласында түрлі жауапты қызметтер атқарды. Кейін Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының бөлшек сауда бөлімшесінің маманы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының, бірінші орынбасарының көмекшісі, Қарағанды облысында «Қазақмыс корпорциясы» АҚ вице-президентінің, Алматы қаласында «Қазақмыс корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы орынбасарының, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, Алматы қаласында «Қазақмыс корпорациясы» АҚ-ның қаржы және инвестиция жөніндегі директоры, «Қазақстан Халық банкі» АҚ атқарушы директоры, Директорлар кеңесінің хатшылық жетекшісі, Қарағанды облысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, президентінің, Басқарма төрағасының кеңесшісі, вице-президенті, вице-президенті-аппарат басшысы, әкімшілігінің басшысы, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2017-2020 жылдары – Алматы қаласындағы «Қайнар» ЖШС бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың наурыз айынан бастап.

48 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Серікбайқызы ЕСМАҒАМБЕТОВА дүниеге келді.

1997 ж. - Алматы мемлекеттік медициналық институтын гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген. 2018 ж. – Инновациялық Еуразия университеті және Management marketing university. «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатқа ие. Еңбек жолы: 1990-1991 жж. - Алматы қаласындағы №7 емхананың дәрігер-фельдшері. 1997-2004 жж. - Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның эпидемиологы, бактериолог, аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі. 2004-2013 жж. - жетекші маман, бас маман, сарапшы, бас сарапшы, құқықтық және кадр жұмысы бөлімінің бастығы,сСанитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары. 2013-2014 жж. - Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. 2014-2017 жж. - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры - тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінде Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндегі эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастығы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары. 2017 жылдың наурыз – қарашасы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры. 2017 жылдың қарашасы – 2020 жылдың наурызы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры.

2020 жылдың 20 наурызынан - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері.

42 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Тимур Мұратұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келді.

2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған. 2002 жылы Мериленд университетін (АҚШ) бітірген, «қаржы және маркетинг» мамандығы бойынша бизнес магистрі. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 1999 жылдан 2000 жылға дейін - Павлодар қаласы №3 отбасылық-дәрігерлік амбулаториясында экономист-менеджер. 2002 жылдан 2006 жылға дейін - Алматы қаласында «Эрнст энд Янг Қазақстан» аудиторлық компаниясында аға консультант. 2006 жылдан 2009 жылға дейін - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Салық есебі және салықтық жоспарлау департаментінің директоры, 2009 жылдан 2010 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, 2010 жылдан 2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, 2012 жылдан 2016 жылға дейін - Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі (министр), 2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі. ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары (2019). Қазіргі қызметінде 2019 жылдың наурыз айынан бері.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT