5 өңірде қатты ыстық сақталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен 28 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады: найзағай, жаңбыр, солтүстікте, шығыста – бұршақ, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте – дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Елдің барлық аумағында екпінді жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Күндіз Абай, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.


Соңғы жаңалықтар