5 наурыз күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, онымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын болжанады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік аймақтарда желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің күші 23-28 м/с артуы мүмкін.
Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-23 м/с артады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 15-25 м/с артады.
Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде желдің күші 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман, Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с артатыны күтіледі.
- 21 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
- 2022 жылы Теміртауда жаңа жылу қазандығы салынбақ
- ШҚО тауларында көшкін жүру қаупі бар
- Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан науқасты аман алып қалды
-
Дуалды оқытудың бірқатар шығынын мемлекет өтейді
-
Атырауда жоғалған 8 жасар қыз мектепте оқымаған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам