5 мемлекетте қазақ тілін үйрететін онлайн сыныптар ашылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 мемлекетте қазақ тілін үйрететін онлайн сыныптар ашылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілхановтың «Отандастар Қоры» КеАҚ басшылық құрамымен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Қордың жұмысы, жекелеген салалардың ахуалы және биылғы жылдың жоспарлары айтылды.

Сондай-ақ, қатысушылар 5 мемлекетте (Ресей – Омск қ., Түркия – Ыстанбұл., Германия – Берлин қ., Қырғызстан – Бішкек қ., Өзбекстан - Ташкент қ.) ашылуы тиіс мәдени-іскерлі үйлері мен шет елдердегі қандастарға арналған қазақ тілін үйрену онлай сыныптарын ашу жобаларын талқылады.

Қордың вице-президенті Мағауия Сарбасов шет елдердегі қандастар құрған қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасауға арналған Меморандумдарға келісу ісі жалғасып жатқандығын жеткізді.

Бүгінде әлемнің 25 мемлекетінде 62 меморандумға қол қойылған. Сондай-ақ, М. Сарбасов әлемнің 12 елінде жалпы аудиториясы 800 адамды қамтитын 22 онлайн-сыныптың жұмыс жасап тұрғандығын айтты.

Өз кезегінде, Марат Әзілханов шет елдердегі мәдени-іскерлік үйлерді мазмұндық жағынан сапасын көтеру мен шет елдердегі қандастарды қазақ тіліне үйретуге арналған онлайн-сыныптар санын арттыруды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар