5 мамырда Головкинге кімдер қарсылас бола алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) 5 мамырда айқасатын қарсыласы әлі белгісіз, деп хабарлайды Sports.kz.
Ирландық Гэри О'Салливан (27-2, 19 КО) потенциалды үміткер деп есептелген еді, алайда бұл айқастың болмайтыны белгілі болды: «Спайктың» қызығушылығын ұсынатын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы гонорар мен жекпе-жекке дейін уақыттың аз болуына байланысты бас тартқан.
Қазіргі таңда үш үміткер бар. Бірінші - IBF желісі бойынша міндетті үміткер Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО). Екінші үміткер - Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО), ол Головкинмен жұдырықтасуға дайын, бірақ бұл жекпе-жекті IBF қаламайды. Басқа да бокс ұйымдары мен Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы (айқас Карсонда, StubHub аренасында өтуі мүмкін) Мартиросянның үміткерлігін мақұлдады. Үшінші үміткер - бразилиялық Ямагучи Фалькао (15-0, 7 КО), оның да ісін Golden Boy жүргізіп жатыр, бұл нұсқаны О'Салливанның орнына ұсынған болатын.
5 мамыр күні айқас мүлдем болмауы мүмкін деген нұсқаны да жоққа шығармау керек. Алайда, Головкин таяуда берген сұхбатында дәл осы күні рингке шыққысы келетінін айтты.
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Олимпиадаға іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Нидерландыдан жеңілді
- Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қайдан көруге болады
- Жаңқош Тұраров тәжірибелі британдық боксшымен жекпе-жек өткізеді
-
Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын 1 минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді
-
Түркістан облысында тұрғындар көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам