+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

5 қалада ауа сапасы нашарлайды

2021 жылғы 17 қазан 07:30
Бөлісіңіз:
5 қалада ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 17 қазан күні еліміз қалаларында күтілетін ауа сапасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін 10 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 1 желтоқсан күнгі ауа райы Алматы ЖЭО-2 шығарындылары 15 есе қысқарады

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (дәрежесіз) Нұр-Cұлтан қалаласында болжанады.

1-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (бір немесе бірнеше ластаушы зат концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан асып кетуі) Павлодар қаласында күтіледі.

Ал Риддер, Семей және Өскемен қалаларында 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай (бір немесе бірнеше ластаушы зат концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан 3-тен жоғары асуы) қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT