5,5 миллион теңгенің есепке алынбаған темекісін сатпақ болған Алматы тұрғыны ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда шамамен 25 мың қорап контрафактілі темекі сатпақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.

10 қаңтар күні экономикалық тергеулер департаменті мегополисте есептік бақылау маркалары жоқ темекі өнімдерін анықтады.

«Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласының тұрғыны С. атты тұрғыны есепке алынбаған «Milano» маркалы 49 қорап (24500 қорап темекі) үшін 5,5 млн теңгеден астам қаражат алып жатқан жерінде ұсталды»,– делінген ведомствоның ақпаратында.

Қазіргі уақытта ҚРҚК 214-бабы 1-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

фото: gorod.lv/novosti
Соңғы жаңалықтар