«5-10-20» пилоттық жобасы биыл жүзеге асырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банк «5-10-20» бағдарламасын іске асыру үшін «Бәйтерек» АҚ-ға қосымша 210 млрд теңге бөлмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырысымен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 390 млрд теңге қосымша қаржы көзделіп отыр. Оның 180 млрд теңгесін Ұлттық банк «Бәйтерек» акционерлік қоғамына береді. Тұрғын үй құрылысы басталып кетті. Жыл соңына дейін 180 млрд теңгенің құрылысы толығымен бітеді деп жоспарлап отырмыз», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, Ұлттық банк «Бәйтерек» АҚ-ға қосымша 210 млрд теңге бөледі.

«Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «5-10-20» пилоттық бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталып отыр. Бұл - қайтарымы бар ақша. Ұлттық банк «Бәйтерек» АҚ-на 4%-бен беріп отыр. Сол себептен Тұрғын үй жинақ банкі үлескерлеріне 5%-дан берілетін болады. Пилоттық жоба биыл іске асырылады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар